КОМПАНИЯ ЖАЙЛЫ | SAUMAL

+7 (727) 220 80 68 +7 (701) 098 57 83

Қазақстанда құрғақ сүт өнімдерін өндіруді қалыпқа келтіру процестері бұған дейін де жүргізілгеніне қарамастан, сублимацияланған сүт өндіретін зауытты ірі өнеркәсіптік масштабта тұрғызу мен іске қосу тұңғыш рет іске асып отыр. Біз әлемдегі ең ірі зауыттардың бірі екенімізді мақтанышпен айта аламыз.

Бұл өнімнің пайда болу тарихы, ұлттық өнімді қайта жаңғырту идеясының өзі сияқты таңғажайып әрі көрнекі. Өнеркәсіптің негізін қалаушы Рудольф Шторх қазақ даласына әскери тұтқын болып түскен уақытында ол туберкулезге шалдығып, өлім аузында жатады. Алайда саумалдың шипалы қасиеттерінен білімі бар жергілікті тұрғындардың бірі оған жаңа сауылған бие сүтін беріп, аяққа тұрғызады. Біраз уақыттан кейін Рудольф Шторх сауығып, Германияға оралады. Ал кейін бір кездері оны өлім аузынан алып қалған өнімді кең қолданысқа енгізбек болып, бар өмірін осы шаруашылыққа арнайды.

Қазақстандық зауыт – неміс зауытының
біршама ұлғайтылған көшірмесі.

Бие сүті өндірісін аяқтан тұрғызып және оны Еуропада танытқан Рудольф Шторх кәсіпорынды күйеу баласы Ганс Цольманға тапсырады, ол өз кезегінде күні бүгінге дейін біздің өндірістің бас технологы болып, жылқы шаруашылығындағы және құрғақ бие сүтін өндірудегі тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Қарағанды облысының Осакаровка ауданында тұрғызылған қазақстандық зауыт – неміс зауытының біршама кеңейтілген нақ көшірмесі болып табылады.

Барлық шаруашылық – орналасатын жерінен бастап жылқылар мен қызметкерлерді үйретуге дейін – тікелей Ганс Цольманның бақылауымен жүргізілді. Қазақстандық зауыттағы барлық процестер Цольман мырзаның тікелей қатысуымен, яғни өзінің келуімен немесе бейнебайланыс орнату арқылы жүзеге асырылады.

Осыған ұқсас өнімді шығаратын еуропалық өндірушілерге қарағанда біздің зауыттың айтарлықтай басымдығы бар және бұл салада дамудың әлеуеті өте зор. Мұны Қазақстанның географиясы да, климат жағдайы да, азық базасы да, түптің түбінде біздің даламыздың территориясында өмір сүрген халықтардың барлық тарихы да дәлелдей түседі. Малды қорада бағумен шектелетін еуропалық жылқы зауыттарына қарағанда біздің жылқылар өзіне тән табиғи ортада мекендейді, бұл айқын басымдық және жылқы бағуға әрі бие сүтін өте жоғары сапада алуға зор септігін тигізетінін атап өткіміз келеді.

Жоба аясында компанияның үлесіне 25 000 гектар жайылым жер тиесілі. Және осыншама кең жерде биелер жыл бойы қажетті жемдік қорын жинақтап, жеке базаны қалыптастыруға мүмкіншілік береді. 1 500-нан аса бие тәулігіне 2,5 тонна сүт береді және осының арқасында жоғары сапалы сублимацияланған бие сүтінің бір жылдағы мөлшері 20 тоннаға дейін жетіп отыр. Неміс технологиясын енгізу-өндіріс көлемінің жоғары көрсеткішіне жетуге ғана емес, сонымен қатар шығарылатын өнімнің жоғары сапасын бақылауда ұстауға да мүмкіндік береді.

Жобаға технологиялық процестің барлық деңгейінде неміс мамандары жетекшілік етеді, жобаны жүзеге асыру барысында 150 жұмыс орны ашылды, бұл орындарға Қазақстаннан ғана емес, ТМД елдерінен де мамандар шақырылды.

Компания өз өнімін Еуропа мен Азияға экспорттауға бағыт алып отыр.

132
19