Өнім жайлы | SAUMAL

+7 (727) 220 80 68 +7 (701) 098 57 83

Ерекше әрі шипалық қасиеті бар бие сүті мен одан жасалатын өнімдерді адамдар ежелден біледі. Ертеде көшпенділер жаңа сауған бие сүтін «саумал» деп атайтын. Дәстүрлер мен ырымдарды айтпағанда, бие сүті мен одан жасалатын өнімдердің пайдалы екені батыстың Авиценна атымен танымал Әбу Әли Ибн Сина мен Гиппократтың ежелгі медициналық трактаттарында және жылнамаларында жазылған. Ибн Синаның еңбектері мың жыл бұрын жазылған, оның көп бөлігі Еуропаның, Азияның және Таяу Шығыстың медицина ғылымының негізі болған. Ибн Сина бие сүтінің шипалық әсері мен қасиеттерін атап өтіп, оның адам табиғатымен тамаша үйлесетінін жазған.

SAUMAL® - биенің жаңа сауылған сүтінен құрғату (сублимация) әдісімен алынған құрғақ ақ ұнтақ. Қолдану аясы кең қайталанбас шипалық өнім.

Бүгінгі өміріміз күйзеліске, экологиялық проблемаларға толы, табиғи өнімдердің жеткіліксіздігі байқалады және оларға қол жеткізу қиынға соғады. Осыған байланысты бүгінде адамның салауатты өмір салтына талпынушылығы жыл сайын қарқын алып келеді. Бұл түсінікті де, себебі ХХІ ғасыр адамының сырқаттануға уақыты жоқ. Салауатты өмір салтының негізі-дұрыс тамақтану екені ешкімге де құпия емес. Көптеген елде функционалдық тамақтану мәселесіне аса зор назар аударылады, бұған денсаулықты жақсартатын қасиеті анықталған азық-түліктер жатқызылады. Бұл азық-түліктер толықтай табиғи болуы тиіс және ешқандай да химиялық қоспалары болмауы керек. Функционалдық азық-түлік өнімдерінің биологиялық белсенділігі жоғары болуы тиіс. Сондықтан да бүгінгі медицина адам ағзасында болып жатқан физиологиялық процестердің құнарлылығын ғана емес, амин қышқылдары, дәрумендер, минералды заттар сияқты биологиялық белсенді құрамының маңызын түсіне бастады.

Біздің SAUMAL® өнімімізді функционалдық тамақтану өнімі деп батыл түрде айтуға болады. Себебі ол диетологтар насихаттап жүрген рационал, пайдалы және теңдестірілген тағам сияқты тағам құндылығын (май, ақуыз, көмірсулар) ғана емес, сонымен қатар денсаулықты тікелей қуатты ете түсетін функционалдыққа (пайдалы) ие. Бие сүтінің бірегей табиғи құрамының арқасында, SAUMAL® иммунитетті берік етуге, ас қорытуды қалпына келтіруге, бауырдың функциясын жақсартуға, ауру-сырқауды ескертуге мүмкіндік беріп, осының арқасында ағзаның физикалық жағдайы мен психикалық жағдайына әсер етеді.

SAUMAL® өнімінің сублимация түрінде өзінің шипалық қасиеттерін қалайша сақтайтынына ерекше назар аудару керек.

Жаңа сауылған бие сүтінің (саумал) бір кемшілігі – пайдалы қасиеттерін ұзақ уақыт сақтай алмауы. Саумал сауғаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде құнарсыз болып қалады (!). Алайда саумалды сублимациялау (сублимациялық құрғату) саласындағы заманауи жетістіктер бұл кемшілікті жоюға тиімді көмектеседі, осылай бұл әдіс пайдалы қасиеттерін және балғындығын сақтайды. Сублимациялау кезінде бие сүті мұздатылады да, белгілі бір жағдайда мұз (күйінен бірден бу күйіне ауысады да) сұйық фазаны айналып өтіп, буланады, осыдан құрғақ түріндегі дайын өнім алынады. Яғни бие сүті төмен температураның арқасында консервацияланады.

Сублимациялық құрғату әдісімен алынған бие сүтінің тағамдық құндылығын бағалау кезінде, оның органолептикалық және биологиялық қасиеттерінде бастапқы өніммен салыстырғанда ешқандай айырмашылық жоқ екені анықталды. Сонымен қатар берік қаптама оны ұзақ уақыт бойы сақтауға мүмкіндік береді және оны сақтауға ерекше жағдайлар да қажет емес. Мұнымен қатар, құрғақ саумал тез ерігіш келеді және суда тез өз қалпына келеді. Белгілі бір пропорцияда суда еріген құрғақ сүт жаңа сауылған саумалдан айырмашылығы байқалмайды.

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Көптеген халықаралық зерттеулер мен заманауи технологиялардың арқасында SAUMAL® өнімінің адамға қалайша пайдалы әрі бірегей болатынын білеміз.

Бие сүтінде адам ағзасына қажетті шамамен 40 биологиялық компонент бар: амин қышқылдары, майлар, ферменттер, (лизоцим, амилаза), микроэлементтер (кальций, натрий, калий, фосфор, темір, магний, мыс, йод, күкірт, кобальт, мырыш, кремний, бром) және дәрумендер (А, С, В1, B2, В6, В12, E, Н, РР, бета-каротин, фоли қышқылы…), бұл компоненттер тиімді теңдестірілген пропорцияда. Жануарлардан алынатын өнімдердің арасында А, В, С, Е дәрумендер тобы мен микроэлементтердің мөлшері бие сүтінде көп екені анықталған.

Бар-жоғы 500 мл бие сүті ағзаның С дәруменіне бір күндік қажеттілігін қамтамасыз етеді

Бие сүті құрамы бойынша ана сүтіне барынша жақын және альбумин тобына жатады. Ал басқа үй жануарларының сүті казеин тобына жатады. Альбумин мен казеин – сүтке ақ түс беретін ақуыз түрлері. Олардың айырмашылығы – казеиннің құрамы ірі (ірі дисперсті) болғандықтан нашар сіңеді. Альбумин болса, ана сүтінің негізі болатын глобулин секілді, ұсақ дисперсті ақуыз болып саналады әрі салыстырмалы түрде жақсы сіңеді.

Ана сүті мен бие сүтінің тағы бір ортақ элементі – триптофан. Бұл амин қышқылы иммун денелерінің тасымалдаушысы. Ал майға келер болсақ, бие сүтінің құрамында бар май табиғатта жануарлардан алатын өнімдердің ең үздігі. Өзіне тән ұсақ дисперсті құрылымының арқасында ол жылдам эмульгильденіп (ыдырайды), сіңіріледі.

Ақуыздың салыстырмалы сипаты

Жалпы саныКазеинАльбумин
Әйелдерде1,20,50,7
Сиырда3,32,80,5
Биеде2,20,91,3
Ешкіде3,53,5

Алмастырылмайтын амин қышқылдарының құрамы (100 мг-дағы мг)

Ана сүтіБие сүтіСиыр сүті
Валин7897160
Лейцин131229290
Изолейцин7590140
Треонин60101150
Фенилаланин57111160
Триптофан232850
Метионин233560
Лизин81189270

Макро және микроэлементтердің үлесі

Ана сүтіБие сүтіСиыр сүті
Кальций28 – 3450 – 135112 – 123
Фосфор14 – 4320 – 12159 – 119
Калий53 – 6225 – 87106 – 163
Магний3 – 43 – 127 – 12
Натрий10 – 188 – 5858
Хлор1960 – 63100 – 119
Темір0,04 – 0,20,02 – 0,150,03 – 0,1
Мыс0,09 – 0,640,2 – 0,40,03 – 0,55
Мырыш0,02 – 0,060,02 – 0,110,01 – 0,06

SAUMAL® өнімінің пайдасын абыройлы медициналық ұйымдардың көптеген емханалық және зертханалық зерттеулері дәлелдеген. ҚР Ұлттық ғылыми-зерттеу медициналық ұйымдары шетелдік әріптестерінің тұжырымын растап отыр.

ҚОЛДАНУ АЯСЫ

Саумалдың Қазақстан территориясында ғана емес, сонымен қатар шетелде де көп ғасырдан бергі танымалдығына қарамастан, оның сауықтыратын қасиеттеріне жіті назар соңғы уақытта ғана аударыла бастады. Бір қызық жайт, бұл бірегей өнімге деген қызығушылық шетелде байқалып отыр (Германия, Франция, Бельгия, Жапония АҚШ). Бұған таңғалуға да болмайды, себебі функционалдық тағам өнімдері шетелде бірнеше жылдан бері бар. Ал бие сүтінің ғылыми дәлелденген қолданылу аясы өте кең және медициналық көрсеткіштермен ғана шектелмейді.

Жоғарыда атап өтілгендей, бие сүтінің бірегейлігі және ондағы биологиялық компоненттер құрамының керемет үйлесімділігі SAUMAL® өнімін түрлі этимологиядағы ауруларды емдеуде және оның алдын алуда балама құрал ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Мәселен, бие сүтінің құрамындағы β-лактоза бифидоген факторларға жатады, олар ішектің микроэкологиялық статусын қалпына келтіріп, бифидо- және лактоген пребиотик болып табылады (ферменттерге ыдырамайтын және «пайдалы» микроағзалардың өсуін жеделдететін, ас қорытуды жақсартатын зат).

Бие сүтінің құрамындағы маңызды фермент лизоцим сүттің басқа түрлеріне қарағанда белсенділігімен ерекшеленеді және антибактериалды, ал бұл өз кезегінде антибактериялық, қабынуға қарсы және иммунтүрлендіруші әсер береді. Құрамындағы С дәрумені мен лизоцим ферменті бойынша саумал барлық үй жануарлардың сүтінен асып түседі.

Бие сүтінің құрамындағы альбумин мен казеин сынды көп мөлшердегі ақуыздың ағзаға маңызы зор. Ақуыз әр ағзаның, әр тірі жасушаның өміріне қажетті жасушалар мен ұлпаларды құратын материал. Ағзамыздың туберкулезге табиғи төтеп бере алуы ақуыздың қаншалықты алмасатынына тікелей байланысты және бұған бие сүтінің казеині ықпал ететінін ғалымдар дәлелдеген. Бұдан өзге, бие сүтінде көп мөлшерде кальций тұзы бар. Кальций тұзы туберкулезге шалдыққан адамдардың туберкулез ошақтарын емдеуге (ізбестенуіне) ықпал етеді.

Бие сүтін қолданудың тағы бір ұтымды тұсы оның асқазан қимыл әрекетіне пайдалы әсері – ол толқи жиырылуды (іш өтуге бейімділік) және тоқ ішек жұмысын (іш қатуға бейімділік) реттейді. Ішек-қарын жолының функциясы әр адамда әр түрлі өзгереді және асқазан сөлі мен жеке төтеп бере алу қабілетіне байланысты. Осылайша, секреция жетіспеушілігі бар созылмалы гастритке шалдыққан адамдарға бие сүті асқазан қышқылының көтерілуіне ықпал етеді, асқазан-ішек жолының функциясын жақсартады. Саумал тез сіңіріледі және қорытылады. Оны жиі ішетін адамдардың тамақ қорытуы жақсарып, біршама салмақ қосқанын, зат алмасуы жақсарғанын байқауға болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми медициналық орталығы зерттеулерінің соңғы мәліметтері бауырдың созылмалы ауруларын: алкогольден туындамайтын бауырдың май ауруларын, аутоиммунды гепатитінен шығатын бауыр циррозын, вирустық гепатиттен шығатын бауыр циррозын емдеуде құрғақ бие сүтінің тиімділігі мен қауіпсіздігіне сенімділікті арттырды. Бауыр дисфункциясының негізгі көрсеткіштерінің бірі цитолитологиялық синдромның төмендеуі немесе шегінуі, емдеудің стратегиясын анықтайтын сипаты мен этиологиялық ерекшеліктері. Зерттеу барысында алынған клиникалық-лабораториялық мәліметтер зерттеу кезінде құрғақ бие сүтіп пайдаланғандарда аланинаминотрансфераза (АЛТ) мен аспартатаминотрансфераза (АСТ) сынды эндогенді ферменттер көрсеткішінің төмендегенін көрсетті.

Аталған көрсеткіштердің төмендеуі бие сүтін тұтына отырып, негізгі емді жасап, салауатты өмір салтын ұстанған жағдайда бауыр ауруы қабынуының алдын алуға (әсіресе алкогольден туындамайтын бауырдың май ауруы) болады деуге толық негіз бар.

Физиологиясы, үйлесімді қоректі заттарының, оңай қорытылатындығының және сіңірілетіндігінің арқасында бие сүті диета қажет болған жағдайдағы тамақтану режимінде зор пайдасын әкеледі. Бұл ағзаны тазартуға, зат алмасуды реттеуге, қан айналымын жақсартуға және қартаю процесін біршама төмендетуге көмектеседі.

Гастроэнтерология мен гепатологияда бие сүтінің қолданылуы:

  • бауырдың алкокольдық ауыруы: алкогольдық гепатит пен бауыр циррозы;
  • бауырдың алкогольдық емес май ауруы: бауыр стеатозы, алкогольдық емес стеатогепатит пен алькогольдық емес стеатогепатит салдарынан бауыр циррозы;
  • В, С және D созылмалы вирустық гепатиттер, сонымен қатар бауырдың вирустық циррозы;
  • созылмалы гастриттер мен дуодениттер;
  • асқазан мен ұлтабар жарасы;
  • созылмалы панкреатит;
  • ішектің дисбиоз синдромы;
  • өт шығару жолдарының дисфункциясы.

Бие сүтінің таңғажайып құрамын аша келе оның ана сүтіне өте ұқсас екенін айта кеткен жөн, себебі дәл осы ұқсастық емізу кезінде проблемалар туындаса (емшек сүтінің азаюы, лактозаны сіңіру проблемалары, казеин тобындағы ақуыздарға төзімсіздік) оны ана сүтіне балама ретінде және бір жасқа дейінгі қосымша тағам ретінде қарастыруға негіз бола алады.

Бие сүтінде иммундық дене тасымалдаушы алмастырылмайтын аминқышқыл триптофанның болуы, сонымен қатар оның бай минералды құрамы (йод, кальций, магний, темір...), оны дені сау балалардың тағам рационына қосуға да негіз бола алады. Бұл олардың ағзасын қажетті заттармен қоректендіріп, берік иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді. Дәрумендер, ақуыздар, майлар мен микроэлементтердің ерекше құрамы балалар ағзасына маңызды заттардың жетіспеушілігінің алдын алып қана қоймай, оның мөлшерден көбейіп кетпеуін де қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, SAUMAL®-ды тұтыну – жаңадан пайда болып келе жатқан, алғашқы сатыларында анықталуы қиын аурулар мен бұзылыстардың алдын алуға ықпал етеді.

SAUMAL®-ды балаларға мынадай жағдайларда беруге болады:

  • сиыр сүтінің ақуызына аллергия;
  • сиыр сүтіне төзімсіздік;
  • бір жасқа дейінгі балаларға қосымша тағам ретінде;
  • салмақ жетіспеушілік пен жүдеулікке әкелетін созылмалы ауруларда, респираторлық ауруларда;
  • ағзаға шамадан тыс ақыл-ой мен физикалық салмақ түсуі (мектеп пен бала бақшаға үйрену кезеңі).

Құрғақ бие сүтін көптеген ауруларды емдеу мен алдын алу үшін қолдануды қарастырғанда, оның тек медициналық көрсетпелермен шектеліп қалмайтынын атап өту керек. SAUMAL®-ды спортшылардың, физикалық белсенді адамдардың тағам үлесіне қосу оң нәтижелер береді.

SAUMAL®-ды пайдаланып үлгерген адамдар, оның күнделікті өмірде нәжістің бір қалыпқа келуі, ұйқы мен тәбеттің реттелуі, өзіңді сергек сезіну сияқты тиімді әсерлерін айтады. Бие сүтінің жалпы әлдендіретін қасиеті оны «созылмалы әлсіздік синдромында», жарақат алғаннан кейін, отадан кейін (отаға дайындық барысында) қайта қалпына келу барысында, күшейтілген жаттығулар кезінде және т.б. кезде пайдалануға мүмкіндік береді. SAUMAL® сонымен қатар косметологияда да ерекше орын алады – бие сүтін жиі тұтыну шаш құрамын жақсартады – шаштың буылтығын нығайтады, шаш құрылысын жақсартады, жылтыратып, көлем береді, тез өсуге ықпал етеді. Мұнымен қоса, өнімді тұтыну май бездерінің жұмысын реттейді, теріге әр беріп, иілгіштігін жақсартады.

Құрғақ бие сүтін тұтынудың айтарлықтай кемшіліктері мен кері әсері байқалмағанымен, асқазан-ішек жолдарының асқынған ауруларында және осы типтегі сүт өнімдеріне жеке төзімсіздік кезінде өнімді тұтынудан бас тартқан жөн.

ШИПАЛЫ САУМАЛ
СЕНІМДІ ҚАПТАМАДА

Заманауи технологиялар бізге және қала тұрғындарына бие сүтінің барлық табиғи қасиетін сақтай отыра жеткізуге мүмкіндік береді. Инновациялық технологиялардың өзекті талаптарына сай алынатын шипалы құрғақ бие сүті жаңа сауылған бие сүтін толығымен алмастыра алады.

Өнімге тапсырыс беру
132
19