Ағзаның барлық
жүйесіне пайдалы
Өзінің ерекше құрамының арқасында ол адамның негізгі жүйелеріне тиімді әсер етеді.
SAUMAL® — ірі қала тұрғындары үшін мұқият сақталған қазақстандық табиғаттың бағалы сыйлығы.
Жүйке жүйесі
Еркін аминқышқылдардың арқасында бие сүті көңіл күйді көтереді және өзіңді жақсы сезінуге ықпал етеді. Бұл әсер сүт ақуызындағы альфа-лактальбуминге байланысты орташа және қысқа мерзімде қамтамасыз етілуі мүмкін. Басқа да қасиеттеріне қосымша, ол триптофан және тирозин сияқты бірегей аминқышқылдардың қайнаркөзі. Ал бұлар өз кезегінде нейромедиатор болып табылатын серотонин прекурсоры болып әсер етеді, бұл көңіл күйді қалыпта ұстауда маңызы зор.
Серотонин нейромедиатор болып табылады, ол нейроөткізгіштік жолдарда пайдаланылады: көңіл-күй, тәбет, ұйқы және жыныстық талпынуға жауапты. Осы нейромедиатордың синтезі үшін қажетті бірегей аминқышқылдардың ағзаға түсуімен оң эмоциялармен байланысқан аталмыш нейронөткізгіштік жолдар тиімдірек әрекет етеді. Серотониннің синтезі мен тозуы нейромедиаторлардың динамикалық тепе-теңдігін реттейді, осылайша жүйке жүйесінің денсаулығын қалыпта ұстайды.
Сонымен қатар, сүт сауықтыруға әсер ететін басқа да компоненттерге ие. Сүт құрамында жүйке импульстарының берілуіне, нейрондарды энергиямен қамтамасыз етуге қатысатын, сондай-ақ миорелоксант болып табылатын көп мөлшерде магний бар.
Депрессия
SAUMAL® ағзаны триптофан мен тирозинге көп мөлшерде ие ақуызбен (альфа-лактальбумин) қамтамасыз етеді. Бұл бірегей аминқышқылдарды ағза күнделікті тұтынатын тағамнан алуы қажет, себебі оны синтездей алмайды. Бұл бірегей аминқышқылдар көңіл-күй, тәбет, ұйқы, шөлдеу, сексуалдық тартымдылық және т.б. жауапты серотонин мен допамин, нейроөткізгіштік жолдардың нейромелиаторларын өндіру үшін зор маңызға ие.
Депрессия диагнозы қойылған науқастарда серотониннің өте төмен деңгейі байқалады. Бұл рациондағы триптофан мен тирозиннің тапшылығына байланысты болуы мүмкін. Осылайша, бие сүтінің көмегімен ағзаға қажеттіні «құрастыру» үшін қажетті «кірпіштерді» бере аламыз.
Созылмалы шаршау синдромы
Заманауи мегаполис тұрғындарының көбі күнделікті эмоционалды-интеллектуалдық жұмыс көлемінің жоғарлауынан, жұмыстағы үлкен жауапкершіліктен, жиі жұқпалы аурулардан, жағымсыз экологиялық және басқа да факторлардан стресске тап болады. Мұның барлығы созылмалы шаршау синдромының дамуына әкелуі мүмкін.
СШС жоғары күйгелектікте, күйзелісте, ұйқы бұзылғанда, бұлшық ет пен қан тамырлардың түсініксіз ауруларында көрініс табады. СШС кезінде жеткілікті тынықсаң да, ұйқы қанық болса да әлсіздік пен шаршаңқы сезіну жоғалмайды.
Бие сүтінің жалпы сергіткіш әсері созылмалы шаршау синдромымен күресуге көмектеседі, иммундық жүйені ынталандырады және жалпы ағзаның тонусын жақсартады.
Қантамырлар жүйесі
Транс майлар — ағзаға теріс әсер ететін, қанықпаған майлар түрі. Бұл заттар қоректік заттардың жасушаларға тасымалдануына жол бермейді, заттектердің алмасуының бұзылуына және жүрек-қан тамырлар жүйесінің тозуына әкеледі. Транс майлар азық-түліктерге сиыр сүтімен түседі немесе жануарлар майын өңдеу процесінде пайда болады.
Табиғи транс майлар сиыр асқазанында бактериялардың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болады және 5-8% мөлшерде ет және сүт өнімдерінде сақталады. Осыған байланысты сиыр сүтін және сиыр етін тұтынуда өте абай болған жөн. Аз мөлшерде транс-май қышқылдары ағзаға зиян келтірмейді, бірақ көп мөлшерде олар өте қауіпті. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы мен әлемдік сарапшылар халыққа транс-майларды тұтынуды азайтуға кеңес береді.
Бие сүті табиғаты бойынша транс-майларға кереғар. Бұл сиыр сүтіне керемет балама болатын ерекше өнім. Құрамында биологиялық белсенді заттар, дәрумендер және минералды элементтер бар.
Холестерин
Холестерин — бұл ағза үшін таптырмайтын химиялық қосылыс. Ол көптеген функцияларды атқарады, олардың бастылары — жасуша мембраналарын түзеу, гормондардың синтезделуі және майда еритін дәрумендерді сіңіру. Алайда, холестериннің пайдалы (ЖТЛП) және «зиянды» (ТТЛП) түрлері болатынын айта кеткен жөн. Зиянды холестериннің қауіптілігі сол, шамадан тыс көп болса жүрек-тамыр ауруларының дамуына әкеледі.
Көптеген қазақстандықтардың күнделікті рационы өте майлы тағамдардан тұрады, олармен ағзаға көптеген «зиянды» холестерин сіңіріледі. Тиісінше, қандағы холестерин деңгейі жоғарылайды. Қандағы холестерин мөлшерін реттеп, бір қалыпта ұстап отыру маңызды. Ол үшін холестерин мөлшерін азайтатын өнімдерді тұтынып жүрген дұрыс.
Бұл өнімдердің бірі, әрине, бие сүті. Оның құрамында Omega-3 және Omega-6 сияқты полиқанықпаған майлар, метионин аминқышқылы, B3 дәрумендері (никотин қышқылы) және B5 (пантотен қышқылы) бар — бұл заттардың барлығы қандағы холестерин деңгейін төмендетуге және қан қысымын қалыптандыруға көмектеседі.
Қаназдық
SAUMAL® -ды тұтыну қаназдықтың кейбір түрлерімен күресуге көмектеседі. Бие сүті құрамында темір бар, бірақ мұндай жетіспеушіліктерді темір емес, лактоферрин жоюға көмектеседі.
Лактоферрин — бұл бие сүтіндегі фермент (ақуыз), оның функциясы темірді ұстап алу және тасымалдау. Ақуызбен байланысқан темір оны сіңіретін патогендік микроорганизмдер үшін қолжетімсіз болып қалады — бұл олардың өсуіне тосқауыл болады. Осылайша, бактерияға қарсы және антивирустық әсерлер байқалады. Ақуызбен қорғалған темір қан ағысы бойынша кедергісіз таралады және ағзаға толығымен сіңеді.
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу мүшелерін емдеу әрдайым дәрі-дәрмектерді қолданумен ғана шектелмейді, сонымен қатар қатаң айрықша диетаны ұстануды да талап етеді. Аурудың асқынған кезеңдерін қоспағанда, күнделікті рацион 3000-3600 ккал болуы тиіс және жеңіл сіңімді ақуыздарға, майларға, көмірсуларға, минералды тұздар мен дәрумендерге қаныққан болуы қажет. Тәулігіне 1,5 литр сұйықтық ішу өте маңызды.
Бұл рационды тек диеталық тағаммен қамтамасыз ету өте қиын, бірақ жоғарыда аталған 1,5 литр сұйықтықтың көп үлесін SAUMAL® құраса, бәрі өзгеріп шыға келеді.
Туберкулез
Қазіргі заманғы дамыған медицинаға және көптеген тарихи ауруларды емдеуде инновациялық тәсілдемелерге қарамастан жыл сайын миллиондаған адам туберкулез диагнозымен ауруханаға түседі.
Туберкулез — дененің әртүрлі мүшелерін зақымдайтын жұқпалы ауру (өкпе, лимфа түйіндері, тері, сүйек, бүйрек, ішек және т.б.). Ең жиі кездесетіні — өкпе туберкулезі, себебі туберкулезді тудыратын микобактерияларды жұқтыру тыныс алу жүйесі арқылы тез таралады.
Иммунитет және сау өкпе — бұл ағзаның табиғи қорғаушылары, сондықтан оларды жұмысқа қабілетті белсенді жағдайда ұстау маңызды. Жаңа сауылған және өңделген түрдегі бие сүті бұрыннан бері иммунитетті нығайтушы және өкпе ауруларымен күресуші тамаша құрал ретінде белгілі. SAUMAL®-ды үнемі тұтыну ағзаның қорғаныш функцияларын күшейтеді және ағзаның өз күшімен әртүрлі инфекциялармен күресуге көмектеседі.
Ас қорыту жүйесі
SAUMAL® ішек бактерияларының флорасын тұрақсыздандырудан туындаған кейбір ас қорыту проблемаларын шешуге көмектеседі. Ол пребиотик және пробиотик ретінде әрекет етуі мүмкін, сонымен қатар, лизоцим мен лактоферриннің қосындысы жағымсыз бактериялық флораның өсуін шектейді және бифидобактериялар мен сүт қышқылдары бактерияларының өсуіне ықпал етеді.
Бие сүті құрамында диарея мен ішек инфекцияларын тудыратын бактериялардың өсуін шектейтін антимикробтық ақуыз болып табылатын лизоцимнің жоғары үлесі бар. Ол грамоң бактериялар мен энтеробактерияларға қарсы бактериостатикалық белсенділікке ие. SAUMAL® асқазан-ішек жолында пайдалы басқа бактериялардың өсуіне әсер ететін ішектегі қанттың босатылуы арқылы жағымды әсерін тигізеді.
Бие сүтінің ақуызын қорытудан туындаған кейбір биологиялық белсенді пептидтердің қабынуға қарсы әсері спастикалық колит сияқты әртүрлі асқорыту жүйесі ауруларындағы қабынудың айтарлықтай төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.
Бие сүтінде түршіккен ішек синдромы сияқты ішек бұзылыстарын емдеуге қажетті магнийдің көп мөлшері бар.
Лактозаға төзімсіздік
Бие сүті лактозаға төзімсіздігі бар адамдар үшін бірқатар артықшылықтарға ие. Бие сүті процуденттері лактозаны қорытуға көмектесетін лактаза ферментіне ие. Лактозаға төзімсіздігі бар адамдар санының қазіргі таңда күрт өсуі бір жағынан лактаза шығаратын бактериялар ішек флорасын айыратын антибиотиктерді шамадан тыс әуестенумен туындағанын түсінеміз. Сондықтан тиесілі қайтадан осындай бактериаларды қондыру лактоза төзімсіздігі жағдайын жақсартуға көмектесе алады. Бұл функция адам энтероциттеріндегі қалдық лактазаға ықпал ете отырып, оның іс-әрекетін күшейтіп және сүт тұтыну кезінде төзбеушілікті азайтады.
Ушыққан ішек синдромы және ас қорыту проблемалары
SAUMAL® ішек бактериясы флорасының тұрақсыздандырудан туындаған кейбір ас қорыту проблемаларын шешуге көмектеседі. Сүт пребиотик ретінде жұмыс істей алады, ол қажетті бактериялық флораны құруға көмектеседі. Сонымен қатар, лизоцим және лактоферрин комбинациясы қажетсіз бактериялардың өсуін шектейді және бифидобактериялар мен сүт қышқылдары бактерияларының өсуіне ықпал етеді. Бұл үйлесім ағзадағы пайдалы бактериялардың өсуі үшін керемет ортаны қамтамасыз ететін пробиотик сияқты әрекет етуі мүмкін.
Бие сүтінің ақуыздарын қорытудан туындаған кейбір биологиялық белсенді пептидтердің қабынуға қарсы әсері ас қорыту жолдарының әртүрлі ауруларында ішек қабынуын азайтуға көмектеседі.
Крон ауруы
Крон ауруы асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеуде ең күрделісі болып саналады. Бұл гранулематозды қабыну процесінің пайда болуымен сипатталады — түйіршіктер (түйіндер) пайда болатын қабыну қалыптасады. Бұл ауру асқазан-ішек жолдарының кез-келген бөлігіне әсер етуі мүмкін, бірақ көбінесе ішектің аш және тоқ ішектерінің зақымдалады.
Мамандар қолданатын негізгі дәрілік заттар — салицилаттар, глюкокортикоидтер, гормондар және иммунодепрессанттар. Қосымша препараттар — антибиотиктер, ағзаның тіршілік тонусын қалыпта ұстайтын дәрумендер және функционалдық тағамдар — мысалы, бие сүті.
Оның қабынуға қарсы әсері аурудан туындаған ішектің қабынуын азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, бие сүтінің пребиотикалық әсері сау ішек флорасын сақтауға және осылайша аурудың қайта қайталануын болдырмауға көмектеседі.
Бие сүтіндегі бутираттың мөлшері колоноциттерді (тоқ ішектің эпителиалдық жасушаларын) жақсы қалыпта ұстауға көмектеседі, бұл аурудың өршуіне жол бермейді.
Бауыр аурулары
Бауырдың түрлі ауруларында, ең алдымен диета ұстану, сонымен қатар міндетті түрде майсыздандырылған сүт пен ашымал сүт өнімдерін тұтынуды ұсынылады. Құрамындағы көп мөлшердегі дәрумендер, микроэлементтер, лактоза және жеңіл сіңірілетін ақуызға қарамастан, сиыр сүтіне қарағанда бие сүтінде 2 есе аз май бар. Осының арқасында бауыр аурулары, тіпті цирроз кезінде оны көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Әдетте, бауыр ауруы кезінде қаназдық байқалады. Себебі, қанда еркін айналатын темір бауырда жиналуға қабілетті, осылайша бауыр ауруын асқындырады. Бие сүтіндегі көп мөлшердегі лактоферрин темірдің осы мүшеде жиналуынан бауырды қорғауға жағдай жасайды. Лактоферрин, табиғи сүт ферменті, қанда темірді ұстап қалады да, бауырда жинақталуына жол бермейді және гемоглобиннің синтезі үшін қолжетімді етіп сақтайды.
Сонымен қатар, бие сүтін тұтыну трансаминаз белсенділігін реттей алады.
Гепатиттер
Гепатитті емдеу — қымбатқа түсетін шаруа. Оларды өткір кезеңде емдеу сауықтырудың сәтті кезеңі болып саналады. Асқынған гепатит жүз пайыздық антивирустық препараттармен емделеді. Созылмалы гепатиттің емделуі үлкен төзімділікті, шыдамдылықты және көп қаражатты талап етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми медициналық орталығының зерттеулері бауырдың созылмалы ауруларын емдеуде бие сүтін құрғақ түрінде тиімді және қауіпсіз пайдалану туралы айтады:
– бауырдың алкогольдық емес май ауруы;
– аутоиммунды гепатиттің нәтижесінде бауыр циррозы;
– вирустық гепатиттің нәтижесінде бауыр циррозы.
Әрине, вирусты жою үшін гепатиттерді вирусқа қарсы препараттармен емдеу керек. Бұл жағдайда бие сүті қосалқы және қалпына келтіргіш терапия ретінде қолданылады – ол бауыр тінін қалпына келтіруге қатысады. Бірақ маңызды жайт — қазіргі заманғы медицинадағы барлық жетістіктерге қарамастан, бауыр аурулары трансплантация қажеттілігіне алып келеді. Құрғақ бие сүтін пайдалану трансплантацияға дейінгі кезеңді айтарлықтай ұзартады.
Бауыр ауруы
Бауырдың әртүрлі ауруларында, ең алдымен, диета, сондай – ақ сүт пен қышқыл сүт өнімдерін үнемі пайдалану ұсынылады-міндетті түрде майсыз. Витаминдер, микроэлементтер, лактоза және жеңіл сіңетін ақуыз жоғары болған кезде, бие сүтінің құрамында сиыр сүтіне қарағанда 2 есе аз май бар. Осының арқасында, ол бауырдың түрлі ауруларында, циррозға дейін қосымша құрал ретінде қолданылады.
Әдетте, бауыр аурулары анемиямен бірге жүреді. Мәселе мынада, қанға еркін айналатын темір бауыр ауруын ушықтыра отырып, кесіндіге жиналуы мүмкін. Бие сүтінде лактоферриннің жоғары мөлшері бауырды осы органда Темірдің жиналуынан қорғайды. Лактоферрин, табиғи сүт ферменті, бауырдың жиналуына жол бермей, гемоглобин синтезіне қол жетімді оны сақтай отырып, қандағы темірді ұстайды.
Сонымен қатар, бие сүтін тұтыну трансаминазалардың белсенділігін реттей алады.
Жабын жүйесі
Тері проблемалары бар адамдар бие сүті олардың терісінің күйін жақсартқанын растады, сондықтан ол дерматологияда маңызды рөл атқара алады. Теңге қотыр, атопикалық тері, экзема және т.б. аурулар кезінде бие сүті мен бие сүтінен жасалған косметикалық өнімдерді күнделікті азғантай мөлшерде қолданудың оң әсері байқалды.
SAUMAL® сау теріні сақтауға көмектесетін бірнеше құрамдас бөліктерге ие. Олар аминқышқылдардың көп бөлігін қамтиды, олардың ішінде теріні ылғалдандыратын серинді, сондай-ақ тері ауруларына жақсы әсер ететін күкірттен тұратын цистинді атап өтуге болады.
Сондай-ақ, бие сүті ағзамызға қызмет етуге көмектесетін дәрумендердің көп мөлшерінен тұрады. Жалғастыра келе, теріні емдеуге ықап елетін А дәруменіне (ретинол), сонымен қатар тері проблемаларын болдырмауға және оның жағдайын жақсартатын C (аскорбин қышқылына) дәруменіне назар аударғымыз келеді. Олар терідегі сау коллагенді сақтауға және зақымдалған тіндерді қалпына келтіруге көмектеседі.
Теңге қотыр
Бие сүтін теңге қотыр ауруы кезінде қолдану ұсынылады. Әртүрлі пациенттерде жағдайларының жақсарғаны байқалған, алайда, ешқандай жағдайда бие сүті теңге қотырды емдеу үшін шартсыз құрал болып табылмайды.
Теңге қотырды емдеу үшін бие сүтін қабылдаған және қабылдап жүрген науқастардың тәжірибесіне сүйенсек, мұндай емнің жағымды әсері жиі кездеседі. Егер екі ай бойы бие сүтін үздіксіз тұтынатын болса, аурудың уыттылығы төмендейтінін және зардап шеккен тері аймағы тарылатынын көптеген тұтынушылар атап өткен. Сондай-ақ, жаңа қотырлардың өсу аймағының кішіреюі де байқалған. Сонымен қатар, олардың айтуынша, бие сүтінің негізіндегі кремдерді пайдалану қышуды басқан және теңге қотырынан зардап шеккен терінің құрғақ аймақтарының жағдайын жақсартуға көмектескен, олардың тезірек емделуіне ықпал еткен.
Бұл мәселе төңірегінде көптеген зерттеулер жүргізілген, алайда, бие сүтінің мұндай жағдайларда оң әсері оның ішек флорасының жақсаруымен, иммунитеттің нығаюымен, сонымен қатар стрессті тұрақтандырумен байланысты болуы мүмкін.
Оғаш дерматит
Бие сүтін ұзақ уақыт қолдану оғаш дерматит белгілерін төмендетеді. Клиникалық зерттеу көрсеткендей, аурудың асқынғандығы бие сүтін үнемі тұтынумен азаяды.
Бұл пайдалы қасиеттер пациенттерге проблемаларын шешуге жақындататына қарамастан, олар тек олардың жай-күйін жақсартады. Зерттеулер тері күйінің жақсаруын байқаған науқастардың нәжісінде табылған бифидобактериялар мен сүтқышқылды бактериялар популяциясының жоғарлауы мен тері жағдайының жақсаруы арасында тығыз байланыс бар екенін көрсетті. Осылайша, осы ауруды емдеудегі тиімді әсерлер бие сүтінің бактериялық флораны реттеуімен туындағаны ықтимал.
Иммундық жүйе
SAUMAL табиғи иммуномодулятор болып табылады. Ол біздің денемізді жоғары сіңімді ақуыздармен, аминқышқылдармен, жеңілэмульгирленген майлармен, көмірсулар, минералды элементтермен (кальций, натрий, фосфор, калий, темір, магний, бром), витаминдермен (А, В1, В2, В6, В12, Е, РР) қамтамасыз ететін шамамен 40 биологиялық компоненттерден тұрады. Сонымен, 500 мл бие сүті адамның С витаминіне тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз етеді.
⠀
Сонымен қатар, бие сүті лизоцим сияқты негізгі ферменттің құрамында үй жануарлары сүтінің барлық басқа түрлерінен асып түседі, сондай-ақ оның белсенділігі жоғары. Бұл фермент Бактерияға қарсы, қабынуға қарсы және иммуномодуляциялық әсерге ие. Сонымен қатар, SAUMAL түрлі вирустар мен ауруларға тосқауыл жасауға көмектесетін зат алмасу мен асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалыпқа келтіруге көмектеседі.