Компания жайлы
Пайдасын сақтай отырып
Бұрын бие сүті жылқы бағатын жерлерде өмір сүретін азғантай жұртшылық үшін ғана қолжетімді болған
Жаңа сауылған сүт шамамен жарты сағат ішінде ғана бірегей өнім болып табылады, уақыт өткен сайын өзінің қасиеттері мен ерекшеліктерінің біршамасын жоғалта бастайды. Сублимация бие сүтінің сауықтыру қасиеттерін сақтауға және олардың әрекетін бірнеше есе ұзартуға мүмкіндік береді.
1 Сүтті дайындау
SAUMAL®-ды өндірудің әр кезеңінде зертханалық бақылау жүргізіледі — жалпы күніне бес рет. Сауылған сүттің алғашқы тазартуынан кейін сұйықтық үлкен күбілерге құйылып, суытылады. Содан кейін пастеризацияланып, сублимация мен өнімді қаптауға жіберіледі.
Біз қолданатын жоғарытехнологиялық жабдықтар Германиядан әкелінген және экологиялық, санитарлық нормаларға толықтай сәйкес. Ол өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне кепіл болып қана қоймай, биелерді экологиялық тұрғыда бағудың кепілі болып табылады.
Саумал өндіру үшін қазақтың Жабы тұқымының жылқылары пайдаланылады
2 Сублимация процесі
Сублимациялау процесінің мәні (вакуумдық құрғату) өнімдерді өте төмен температурада құрғату.
Нәтижесінде өнім жаңа сауған сүттің қасиеттерін сақтай отыра құрғақ ұнтақтәрізді күйге енеді. Алайда бұл күйде сақтау мерзімі едәуір ұлғаяды.
Бұл технологиялық сиқыр сіздер үшін бие сүтінің пайдалы қасиеттерін сақтауға көмектеседі.
1 литр сүттен
95 грамм өнім сублимацияланады
3 Сенімді қаптама
Өңдеу процесінен кейін құрғақ сүт герметикалық вакуумдық қаптамаға салынады. Қаптама ылғал тию, ауа кіру және күн түсуден толықтай қорғалған.
Вакуумдық қаптама, өз кезегінде, ылғалға төзімді картон тубаға салынады. Ол оны механикалық зақымданулардан қорғайды.
Бие сүтінің ерекше қасиеттері өте нәзік, сондықтан біз бие сүтінің барлық қасиеттері мен пайдасын бастапқы күйінде сақтайтын ең сенімді қаптаманы пайдаланамыз.
Бір 500-граммдық SAUMAL құтысынан 4,5 литр сүт шығады